Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Қолын мұзға тығып отыр": Баходир Джалоловтың айқастан кейінгі видеосы жанкүйерлерді шошытты (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
06.04.2025, 23:10

Астанада өткен жекпе-жектен соң Олимпиада чемпионының қолы қатты зақымданды. 

sputniknews.uz
sputniknews.uz

Астанада өткен бокс кешінде украиналық Игорь Шевадзуцкийді жеңгеннен кейін Өзбекстанның қос дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Джалолов ауыр жарақат алды. 

Жекпе-жектен кейін желіде тараған видеода Джалоловтың жарақат алған қолының білегін қысып ұстап, кейін оны мұз салынған ыдысқа салып отырғанын көруге болады. Боксшының бет-әлпетіндегі ауырсыну сезімі анық байқалады. Бұл сәт жанкүйерлерді алаңдатты.

Желі қолданушыларының кейбірі Джалоловтың қолы сынған болуы мүмкін деген пікір білдірді. Ресми диагноз әлі жарияланбағанымен жарақаттың ауыр екені аңғарылып тұр.

Айта кетейік, бұл жекпе-жекте Баходир Джалолов жеңіске жеткенімен, жарақат спорттық мансабына әсер етуі мүмкін. Бокс кешінде ол қарсыласы Шевадзуцкиймен тартысты айқас өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 4
👎 1
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір