Әлемдік промоутерлер Сәкен Бибосыновқа таласып жатыр
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жұлдызы Сәкен Бибосынов кәсіби боксқа өту туралы ұсыныстар алып жатқанын мәлімдеді.
"Барыстың" ҚХЛ чемпионатына қатысуы екіталай
Қазақстанның Құрлықтық хоккей лигасындағы (КХЛ) жалғыз өкілі — астаналық "Барыс" клубы алдағы 3х3 форматындағы маусымға қатыспауы мүмкін.
Будапешттегі дзюдодан әлем чемпионаты: Қазақстан екінші күнді жеңіспен бастады (ФОТО, ВИДЕО)
14 маусым күні Венгрия астанасы Будапештте дзюдодан әлем чемпионатының екінші күні Қазақстан құрамасы үшін сәтті басталды.
Шавкат Рахмонов Алматыдағы жекпе-жектен кейін көз жасын әрең тыйды – бауырмал реакция елді сүйсінтті (ВИДЕО)
Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов Алматыда өткен кештің басты жекпе-жегінде Фаниль Рафиковтың жеңісінен кейін эмоциясын жасыра алмады.
Әбиба Әбужақынова кезекті сенсация жасады (ФОТО, ВИДЕО)
Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова Будапештте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында финалға шығып, тарихи жетістікке жетті.
Мағжан Шамшадин әлем чемпионын екі секундта жер құштырды (ВИДЕО)
Будапешттегі дзюдо әлем чемпионатында Қазақстандық Мағжан Шамшадин жанкүйерлерді таңдай қақтырар сенсациямен қуантты — әлем чемпионы Франсиско Гарригосты небәрі екі секундта жеңді.
Қазақстанда "ысқырылған" Баходир Джалолов енді АҚШ-та жұдырықтасады
Өзбекстандық ауыр салмақтағы кәсіпқой боксшы Баходир Джалолов келесі жекпе-жегін Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden аренасында өткізеді.
Жәнібек Әлімханұлын 20-0 рекорд иесі ашық жекпе-жекке шақырды
Орта салмақтағы WBO және IBF белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлына жаңа қарсылас көз тастап отыр. Бұл жолы оны жеңіліп көрмеген ирландиялық боксшы шақырды.
Олимпиада чемпионы қазақстандық балуаннан алған жүлдесін қайтарды
Кезінде Дәулет Шабанбайдан медаль тартып алған ресейлік балуан Билял Маховтың атағы да, жүлдесі де жоқ болып шықты.
"Манчестер Юнайтед" 74 млн еуроға бразилиялық шабуылшыны сатып алды
"Манчестер Юнайтед" шабуыл шебін жаңа ойыншымен толтырды. Бразилиялық Матеус Куньямен бес жылдық келісімшартқа қол қойылды. Келісімге сәйкес клубта қосымша бір жылға ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған.
Жәнібек Әлімханұлына "Канело" шоуында реванш ұсынылды
Француз боксшысы Анауэль Нгамиссенге (14-1, 9 KO) Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 KO) қайта жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді.
Алматыдағы құпия жаттығу: Ұлттық құрамадан тыс қалған жұлдыздар не істеп жүр? (ВИДЕО)
Қазақстан ұлттық құрамасына енбеген футболшылар Бақтиер Зайнутдинов ("Бешікташ") пен Рамазан Оразов ("Силькеборг") Алматыда жаттығу өткізіп жатыр.
Абылайхан Жүсіпов әлем боксын дүр сілкіндірді: Олимпиада жүлдегерлері көлеңкеде қалды
Қазақстандық боксшы Голландияның Эйндховен қаласында өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Финалдық жекпе-жекте ол Париж Олимпиадасының чемпионы, өзбекстандық Асадхужа Муйдинхужаевты жеңіп, әлемдік бокста үлкен сенсация жасады.
Қостанай жұрты Асхат Тағыбергенге шапан жапты (ВИДЕО)
Ұлттық құрамадағы жолын аяқтаған капитанға естен кетпес естелік жасалды.
Назым Қызайбайдың жаңа көлігі ұлттық құрамада қызу пікірталас тудырды (ФОТО, ВИДЕО)
Қазақстандық бокстың мақтанышы, үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбайдың жаңа көлігі әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Оның темір тұлпарын ұлттық құраманың тағы бір мүшесі – әлем чемпионы Алуа Балқыбекова өз парақшасында көрсетті.
Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан құрамасының бас бапкері болуға лайық деп танылды
Парламент Мәжілісінің депутаты Данияр Қасқарауов Бақыт Сәрсекбаевтың бокстан ұлттық құраманы басқаруға толық лайық екенін айтты.
Мераб Двалишвили UFC белбеуін Грузияға алып келді (ВИДЕО)
Жеңіл салмақтағы (61 кг дейін) UFC чемпионы Мераб Двалишвили тарихи белбеуін туған елі — Грузияға алып келіп, жанкүйерлерінің ыстық ықыласына бөленді.
"Реалда" бүлік шықты. Президент Хаби Алонсоның тілегін орындамады
Мадридтік "Реалдың" жаңа бас бапкері Хаби Алонсо маусым басталмай жатып клуб басшылығымен келіспеушілікке тап болды. Испаниялық Don Balon басылымының мәліметінше, бапкер "Реал Сосьедадтан" Мартин Субимендиді сатып алудан бас тартқанына қатты наразы.
Қазақстан бокста алтыннан алқа тағынса, Өзбекстан – беделді марапаттарды еншіледі
Eindhoven Box Cup-2025 турнирінің үздіктері белгілі болды.
Жәнібек Әлімханұлы "Канело" — Кроуфорд кешіне қатысуға дайын екенін мәлімдеді
Орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) кезекті мәлімдеме жасады. Ол WBC белбеуінің иегері, доминикандық Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 КО) айқасуға дайын екенін жеткізді.