"Қайрат" – "Реал" матчы: Билет сатылымына қатысты не білген жөн?
Билеттер бүгін кешкі 17:00-де жаппай сатылым шығады. Естеріңізде болса, "Селтикке" қарсы матч билеттері небәрі жарты сағатта сатылып кеткен еді.
Бүгін, 23 қыркүйек күні, сағат 17:00-ден бастап Алматыдағы тарихи матчқа билеттер сатылымға шығады. 30 қыркүйекте Орталық стадионда өтетін Чемпиондар лигасының екінші тур ойынында қазақстандық «Қайрат» испаниялық «Реалға» қарсы кездесу өткізеді. Бұл матч – қазақстандық футбол тарихындағы ең көп күтілген ойындардың бірі.
Матч қашан және қайда өтеді?
- Күні: 30 қыркүйек
- Уақыты: 21:45 (Алматы уақытымен)
- Өтетін орны: Алматы, Орталық стадион
Билеттердің бағасы (секторлар бойынша)

Чемпоиндар лигасы жалпы кезеңінің барлық матчына баға бірдей: 30 000 – 250 000 теңге (УЕФА-мен келісілген) аралығында болады.
Батыс трибуна:
- 30 000 ₸ (1–9 сектор, 1–2 қатар)
- 250 000 ₸ (1–17 сектор, премиум аймақ)
Шығыс трибуна:
-
150 000 ₸ (30–48 сектор)
Солтүстік/Оңтүстік (қақпа артындағы секторлар):
-
75 000 ₸ (18–28 және 49–60 секторлар)
Абонемент иелері өз орындарын алдын ала жеңілдікпен сатып ала алады. Олармен сатылым басталмас бұрын клуб жеке байланысады.
Билетті қайдан алуға болады?
Ресми сатылым тек клубтың серіктес алаңдарында жүргізіледі:
- Qairat SuperApp (қосымша)
- ФК «Қайрат» сайты, «Билеттер» бөлімі
- Ticketon.kz
- Freedom SuperApp, «Билеттер» бөлімі
Ескерту:
- Әр жанкүйер тек 2 билетке дейін сатып ала алады.
- Міндетті түрде ЖСН немесе паспорт деректері енгізіледі. Олар стадион кіреберісінде тексеріледі.
- Сатып алғаннан кейін сізге ваучер беріледі. Электрондық билет матч басталуына 6 сағат қалғанда жолданады.
«Күту бөлмесі» жүйесі қалай жұмыс істейді?
Билеттерге сұраныс көп болғандықтан, Ticketon арнайы екі кезеңнен тұратын жүйе енгізді:
- Сайтқа кіру кезегі. Көп адам кірсе, алдымен «күту бөлмесіне» түсесіз.
- Билетке кезек. «Қайрат – Реал» батырмасын басқан соң нақты билеттерге кезекке тұрасыз.
Ережелер:
- Сайттан шықсаңыз, 10 минут ішінде қайта кірсеңіз орын жоғалмайды.
- E-mail қалдырсаңыз, сіздің кезегіңіз жеткенде хабарлама аласыз.
«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары
- 19 қыркүйек: «Спортинг» – «Қайрат» (0:00)
- 30 қыркүйек: «Қайрат» – «Реал» (21:45)
- 21 қазан: «Қайрат» – «Пафос» (21:45)
- 6 қараша: «Интер» – «Қайрат» (01:00)
- 26 қараша: «Копенгаген» – «Қайрат» (22:45)
- 9 желтоқсан: «Қайрат» – «Олимпиакос» (20:30)
- 20 қаңтар: «Қайрат» – «Брюгге» (20:30)
- 29 қаңтар: «Арсенал» – «Қайрат» (01:00)
1-тур қорытындысы бойынша қазір алматылық ұжым турнирлік кестенің 34-орнында.