Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Рафаэль Оразбахтин "Реалға" қарсы жоспарымен бөлісті

Сарапшы, спорт журналисі
23.09.2025, 12:10

"Жеңіске" қарсы ойыннан соң (3:1) "Қайраттың" бас бапкері "Реалға" қарсы ойын туралы пікір білдірді.

Рафаэль Оразбахтин "Реалға" қарсы жоспарымен бөлісті
Рафаэль Уразбахтин. Фото: ФК "Кайрат"

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Рафаэль Оразбахтин алдағы Чемпиондар лигасындағы «Реалға» қарсы матч қарсаңында пікір білдірді.

«Әрине, ең табысты нәтиже – бұл жеңіс. Бірақ біз үшін бастысы тек нәтиже емес, ойынның сапасына мән беру. Өткен Лиссабондағы кездесуде кей сәттерде жақсы ойнадық. Қарсыласымыз бізден әлдеқайда жоғары деңгейде болғанына қарамастан, жігіттеріміз бірнеше мүмкіндіктер жасап, бір гол соқты. Бұл да үлкен алға жылжу деп санаймыз.

Ал «Реалдың» деңгейі бұдан да жоғары. Сондықтан бізге ең маңыздысы – ойынды толыққанды, біртұтас көрсету, алдыңғы матчтағыдай үзілістер мен қателіктерге жол бермеу. Ол ойында көп күш жұмсап, кейінгі кезеңде концентрацияны жоғалтып алдық. Мұндай қарсыластармен ойнағанда әр секундта сергек әрі жинақы болу қажет.

Бас бапкер негізгі мәселерді де атап өтті:

Әрине, ойын барысында ойыншылар шаршайды, ал шаршаған сәтте зейін төмендейді. Бұл – біз шешуге тиіс мәселе. Өкінішке қарай, ұзақ сапарлар да әсер етті. Бірақ «Реалға» қарсы Алматыдағы матчта басқа картина болады деп сенеміз: команда әлдеқайда жинақы, ұйымдасқан түрде ойнауға тиіс.

Біз ойыншыларға екінші таймдағы алғашқы он бес минуттағы қарқынды ойынды басынан бастап көрсетуіміз керек екенін түсіндірдік. Енді соған барынша ұмтылуымыз керек», - деді Оразбахтин.

Естеріңізге салайық, “Қайрат” мадридтік “Реалды” өз алаңында 30 қыркүйек күні қабылдайды. Матч басталу уақыты 21:45 те. Тағы “Реалдан” бөлек “Қайрат” Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінде алты ұжыммен кездеседі: “Брюгге” (Бельгия), “Олимпиакос” (Грекия), “Арсенал” (Англия), “Интер” (Италия), “Копенгаген” (Дания) және “Пафос” (Кипр).

Бірінші ойынды алматылық ұжым сырт алаңда португалиялық “Спортингпен” өткізген болатын.

Билеттер құны

23 қыркүйек күні сағат 17:00-де «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеттері ресми түрде сатылымға шығады. Баға диапазоны – 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін. Толығырақ осы сілтеме арқылы оқи аласыздар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 3
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір