Жарнама
Жарнама
Спорттық қоспалардың пайдасы мен зияны қандай?
ашық дереккөздерден алынды

Спорттық қоспалардың пайдасы мен зияны қандай?

Протеинді бұлшықет өсірудің міндетті құралы деп санайтындар да, оны денсаулыққа зиян "химия" деп қабылдайтындар да бар.

Алайда мамандардың түсіндіруінше, протеин - ағзаға қажетті дәрумендерді алудың ыңғайлы түрлерінің бірі.

Протеиннің негізгі құрамдас бөлігі – ақуыз. Ол ет, балық, жұмыртқа секілді тағамдардағы ақуыздан түбегейлі өзгеше емес, тек спорттық қоспа түрінде концентрациясы жоғары және қолдануға ыңғайлы.

Протеин туралы кең тараған пікірлердің бірі – оны ішкен адам міндетті түрде артық салмақ қосады деген түсінік. Бұл жерде протеин мен гейнерді ажырату маңызды. Гейнердің құрамында ақуызбен қатар көмірсулар да көп болады және ол салмақ қосуға бағытталған.

Ал таза протеиннің құрамында көмірсу мен май мөлшері аз болуы мүмкін. Сондықтан оны бұлшықетті қалпына келтіруге арналған қосымша ретінде қарастырған жөн.

Қаншалықты жиі қабылдауға болады?

Бұлшықет ақуызының синтезін жеделдету үшін шамамен 20-25 грамм жоғары сапалы ақуыз жеткілікті болуы мүмкін. Бұл мөлшер стандартты протеиннің бір порциясына шамалас.

Яғни протеинді көбірек ішкен сайын нәтиже де соғұрлым жақсы болады деген түсінік дұрыс емес. Ал протеинді жаттығудан кейін қабылдау ұсынылады.

Дегенмен ақуызды тек жаттығудан кейін ғана қабылдау міндетті емес. Оны таңғы уақытта немесе негізгі тамақтардың арасында тіскебасар ретінде де қолдануға болады. Ең бастысы – қоспаның толыққанды тамақтанудың орнын баспауын ескеру.

Протеиннің кері әсері болуы мүмкін

Спорттық қоспалар барлық адамға бірдей сәйкес келе бермейді. Кейбір адамдарда протеин қабылдағаннан кейін ас қорыту жүйесінің бұзылуы байқалуы мүмкін.

Мұндай реакция сүт протеиндеріндегі лактозаны көтере алмаумен немесе өнім құрамындағы қоспалармен байланысты болуы ықтимал. Ал бүйрек немесе бауыр аурулары бар адамдарға спорттық қоспаларды қолданбас бұрын дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Ең маңыздысы – спорттық қоспаны негізгі тағамның орнына пайдаланбау және ағзаның реакциясын бақылау. Протеин бұлшықетті бір аптаның ішінде өсіретін ғажайып құрал емес, ақуыз қажеттілігін толықтыруға көмектесетін өнім.

Жарнама
Жарнама