Неймар таңдаған ТОП-5. Роналдиньо тізімнен табылмады

Редактор Penalty.kz
11.05.2025, 16:00

Жанкүйерлер күтпеген бұл таңдау футбол қауымдастығында қызу пікірталас туғызды.

news.sportbox.ru

Әлем бойынша техника ең мықты ойыншылардың бірі саналатын Неймар өзінің сүйікті дриблерлерінің тізімін жариялады. Бірақ оның таңдауы көпті таңғалдырмай қоймады. Себебі футболшының үздік бестігінде аңызға айналған Роналдиньо жоқ.

Неймар: "Техникасы менен де жақсы жігіттер бар"

2021 жылы On My Goal басылымына берген сұхбатында Неймар дриблинг пен техникада өзінен жоғары тұратын бес футболшыны атаған болатын. Ол бұл тізімді баскетболдағы “Respect” мәдениетімен түсіндіреді — мықтыны мойындай білу де өнер.

Неймардың таңдауы мынадай:

  1. Лионель Месси

  2. Эден Азар

  3. Кевин Де Брюйне

  4. Марко Верратти

  5. Тьяго Алькантара

Бұл тізімде төрт ойыншы — орталық жартылай қорғаушы. Неймардың айтуынша, олар допты қысым астында керемет басқара алады және ойынды өзгерте алатын пас береді.

Роналдиньо Фото: İdman.biz

Роналдиньо неге жоқ?

Көпшілік Неймардың аңызға айналған отандасы Роналдиньоны тізімге енгізбеуін түсінбей қалды. Алайда сұхбатта бұл шешімге түсініктеме берілмеген. Соған қарағанда Неймар тек қазіргі уақытта ойнап жүрген әріптестерін атап өтсе керек. 

Неймардың қазіргі жағдайы

Қазір 33 жастағы Неймар Бразилияның "Сантос" клубында өнер көрсетіп жүр. Оның келісімшарты жазда аяқталады, сондықтан инсайдерлер оның “Интер Майамиге” ауысуы мүмкін екенін айтуда. Аталған клубта оны Месси, Суарес, Альба және Бускетс күтіп отыр.