
Біздің жігіттер лифтте аздап қиындыққа тап болды. Бірақ Қуаныштың жедел әрекеті команданы тығырықтан шығарды.
Қазақстан Премьер-Лигасында өнер көрсететін «Қайсар» клубы тағы да ерекше оқиғамен көзге түсті. Бұл жолы команда ойыншылары матчта емес, лифт ішінде қиындыққа тап болды.
Оқиға "Ордабасыға" қарсы ойын алдында болған. Бірнеше футболшы қонақ үй лифтісіне мінгенде лифт кенет тоқтап қалған. Абырой болғанда, қызметкерлер бірден көмекке келіп, ойыншыларды бірнеше минут ішінде құтқарып алды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Өз кезегінде әлеуметтік желі қолданушылары болған оқиғаны әзілмен қабылдап, пікірлерін жаудырды.
«Бүкіл қазақ елі, Қайсарды жақсы көрема дедім ғой! Әр бір жаңа видео, ХИТ - қой, шіркін!!!».
«Осылар-ақ әйтеуір», – деп күлді әлеуметтік желі қолданушылары.
Қазіргі уақытта «Қайсар» Премьер-лигада 7 турдан кейін турнирлік кестеде 11-орындарда тұр.
«Қайсар» – 4 ұпай
4 тең ойын, 3 жеңіліс
Айта кетейік, қызылодалық ұжым бүгін ҚПЛ-дың 8-туры аясында сырт алаңда «Ордабасымен» кездеседі.