Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Ламин Ямаль сүйікті футболшысын атады. Ол "Барсадан" емес

Редактор Penalty.kz
11.05.2025, 18:13

Барселонаның" 17 жастағы супержұлдызы атаған ойыншыны клуб жанкүйерлері аса жақтырмайды. 

sports.ru
sports.ru

"Барселонаның" жарқыраған жұлдызы Ламин Ямаль өзіне шабыт беретін футболшыларды атады. Алайда олардың бірі каталондық жанкүйерлерге ұнамайды. Бұл туралы Diario Sport басылымы хабарлады.

Кумирлер қатарында Дембеле мен Сака бар

17 жастағы испан вундеркинді қазіргі таңда Еуропаның басты футбол үміттерінің бірі. Биылғы маусымда футболшы керемет ойын өрнегін көрсетіп келеді. 

«Егер "Барселонаны" есептемесек, мен үшін үздіктер — Усман Дембеле мен Букайо Сака. Екеуі де тамаша ойын көрсетіп жүр», — деді Ямаль Diario Sport-қа берген сұхбатында.

Усман Дембеле Фото: beta.matchtv.ru

Жанкүйерлер жақтырмайтын футболшы

Каталондық жанкүйерлер Букайо Сакаға бейтарап қараса, Усман Дембелеге қатысты көзқарасы мүлде басқа. Француз футболшысы 2017 жылы 105 миллион еуроға сатып алынғанымен, "Барсада" жарақаттардан көз ашпай, үмітті ақтай алмады.

2023 жылы ол күтпеген жерден "ПСЖ"-ға небәрі 40 миллион еуроға ауысып, бапкер Хавидің сенімін аяқасты еткен. Оның үстіне өткен маусымдағы Чемпиондар лигасында париждіктер бұрынғы клубын жарыстан шығарып, Дембеленің мысқылдай күлген сәті көпшіліктің есінде қалған.

Дембеле де, Ямаль да "Алтын допқа" үміткер

Дегенмен, Дембеленің қазіргі маусымдағы ойынына баға бермеу мүмкін емес. Ол ПСЖ-мен бірге тарихтағы алғашқы Чемпиондар лигасын жеңіп алуға жақын, сондай-ақ "Алтын допқа" басты үміткерлердің бірі саналады. Егер париждік команда кубокты ұтса, Дембеле тіпті Ламин Ямальдан да озып кетуі мүмкін.

Ямальдың маусымы: сандар сөйлейді

Ламин Ямаль бұл маусымда:

  • Испания Кубогын жеңді

  • Ла Лига чемпионы атануға жақын

  • 39 нәтижелі әрекет жасады (15 гол + 24 пас)

  • 17 жаста ғана

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір