"Ювентус" бапкер ауыстырады

Редактор Penalty.kz
14.05.2025, 11:45

Туриндік клуб жазда команданың тізгінін Антонио Контеге сеніп тапсыруға ниетті. Бұл туралы белгілі инсайдер Николо Скира хабарлады. 

reuters.com

Конте — басты үміткер

Қазір “Наполи” командасының бас бапкері болып отырған Антонио Конте туриндіктер үшін бірінші кандидат саналады. “Ювентус” қазіргі жаттықтырушы Игор Тудормен келісімшартты ұзартпайды. Айта кетейік, хорваттялық маманның келісімі 2025 жылдың маусымына дейін жарамды.

Контенің “Наполиден” кетуі ықтимал

Италиялық маманның өзі де “Наполидегі” жағдайға риза емес. Әсіресе клубтың трансферлік саясаты Контенің көңілінен шықпаған. Осы себепті маусым соңында өз еркімен командадан кетуі мүмкін. Бұл шешім, тіпті “Наполидің” А Сериясында чемпиондыққа жақын тұрғанына қарамастан қабылдануы ықтимал.

“Ювентустың” бапкерлік дағдарысы

Айта кетейік, “Ювентус” осы маусымда бапкерін бір рет ауыстырған. Наурыз айында командамен аз ғана уақыт жұмыс істеген Тьяго Мотта қызметінен босатылды. Бұл жағдай туриндік клубтың тұрақсыздығын тағы бір мәрте көрсетті.