Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Барселона" норвегиялық шабуылшы үшін рекордтық сома төлеуге дайын

Редактор Penalty.kz
14.05.2025, 16:57

Каталониялық "Барселона"орвегиялық шабуылшы Эрлинг Холандты 2026 жылы трансфер арқылы сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл үшін испаниялық алып 174 миллион еуро төлеуге дайын.

xsport.ua
xsport.ua

“Қалалықтармен” келісім оңайға соқпайды

Қазір Холандтың “Манчестер Ситимен” келісімшарты 2034 жылға дейін күшінде. Алайда БАҚ беттерінде оның келісімінде 2026 жылы белсендіруге болатын босату бабы бары жиі айтылып жүр. El Nacional мәліметінше, бұл бап расымен бар және “Барселона” осы мүмкіндікті пайдалануға бел буып отыр.

Қаржылық қиындықтарға қарамастан трансфер жоспары күшінде

Каталониялық клуб қаржылық қиындықтарға тап болғанына қарамастан Холандқа қажетті 175 миллион еуроны жинауды бастаған. Қазірг “Барса” жалақы шектеуі мен қарыз көлеміне байланысты трансферлік саясатта шектеулерге тап болып отыр. Соған қарамастан клуб басшылығы норвегиялық жұлдызды Роберт Левандовскидің орнына басты мұрагер ретінде қарастыруда. Польшалық шабуылшының келісімшарты 2026 жылы аяқталады.

Роберт Левандовски. ФОТО: bel.football

Холанд — қазіргі футболдың символы

Transfermarkt порталы Эрлинг Холандтың нарықтық құнын 200 миллион еуроға бағалап отыр. Ол қазір таңда әлемдегі ең қымбат ойыншылардың бірі саналады.

2025 жылдың сәуір айының соңына дейін Холанд АПЛ-де 15 матчта 13 гол соғып үлгерді. Оның ішінде екі хет-трик бар — “Ипсвич Таун” мен “Вест Хэмге” қарсы кездесулерде. Бұл көрсеткіш алғашқы үш турда ең көп гол соғу рекордын жаңартты.

Ал Чемпиондар лигасында 5 матчта 4 гол авторы атанды.

Норвегия құрамасында — тарихтағы үздік сұрмерген

Эрлинг Холанд Норвегия құрамасы тарихындағы ең нәтижелі ойыншы. Оның еншісінде 34 гол бар. Солардың бірі — Қазақстан құрамасына қарсы соғылған хет-трик, ол норвегиялықтарға Ұлттар лигасының А дивизионына жолдама алуға көмектесті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір