Фабио Капелло биылғы "Алтын допты" кімге берер еді? Таңдауы таңғалдырады

Редактор Penalty.kz
19.05.2025, 12:00

Оның таңдауы жанкүйерлерді екіге жарды.

news.sportbox.ru

Италиялық бапкер Фабио Капелло биылғы маусымдағы үздік футболшыларды атап өтіп, өзінің "Алтын допқа"қатысты дауысын кімге беретінін ашық айтты. Алайда оның таңдауы жанкүйерлер арасында қызу пікірталас тудырды.

"Мен Алтын допты Ламин Ямальға берер едім"

«Шынымен де ерекше ойыншылар аз. Бірақ олардың арасында Ламин Ямаль секілді нағыз дарындылар бар. Егер бүгін дауыс берсем, бірінші орынға Ямалды қояр едім», – деді Капелло.

17 жастағы «Барселона» вингері Ламин Ямальдың есімі тізім басында аталғаны — бір жағынан күтпеген жағдай болса, екінші жағынан оның осы маусымдағы жасына сай көрсеткіштері расымен таңдай қақтырады.

Ламин Ямаль Фото: sports.ru

Қалған екеуі — Мадрид жұлдыздары

Капеллоның ТОП-3 тізімінде:

  • Ламин Ямаль («Барселона»)

  • Килиан Мбаппе («Реал Мадрид»)

  • Винисиус Жуниор («Реал Мадрид»)

Алайда Винисиустың бұл тізімде болуы көпшілікті таңғалдырды. Оның биылғы маусымы бірқатар жанкүйер мен сарапшы тарапынан шамалы сәтсіз деп бағаланған.

Жанкүйерлердің реакциясы — түсінбестік пен әзіл

Әлеуметтік желіде Капеллоның бұл таңдауы қызу талқыланды. Төменде фанаттардың кейбір пікірлері: берілген. 

«Винисиус па? Шын айттың ба?»

«Ямаль – жарайды, бірақ Винисиус? Бұл енді артық...»

«Мадридист болсаң, өмір бойы Мадридист екеніңді ұмытпайсың»

«Мына таңдаулармен “Алтын доп” беделін жоғалтады»

«Биыл футбол көрмеген адамның пікірі сияқты...»

Дембеле мен Рафинья қайда?

Көпшілікті тағы бір таңғалдырғаны — ПСЖ ойыншысы Усман Дембеле мен «Барса» жартылай қорғаушысы Рафиньяның мүлдем тізімге енбей қалғаны. Екеуі де маусым бойы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, статистика жағынан да жақсы нәтиже көрсетуде.