Жас жұлдыз жуырда клубтар арасындағы әлем чемпионатында аяғын сындырып алған болатын.
Мюнхеннің «Бавариясы» Англиядағы «Кристал Пэлас» клубының жартылай қорғаушысы Эберечи Эзеге қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы беделді The Times басылымы хабарлады. Неміс гранды Эзенің қазіргі клубымен келіссөз жүргізіп жатқан «Арсеналдың» арасына түсіп, ойыншыны өз құрамына қосуды көздеп отыр.
27 жастағы вингердің «Кристал Пэлас» клубымен жасасқан келісімшартында 68 миллион фунт стерлингтік сатып алу тармағы бар. Өткен маусымда Эзе 14 нәтижелі матч өткізіп, 11 голдық пас берген. Ол командасына Англия Кубогын жеңіп алуға көмектесті және наурыз айында Англия құрамасындағы алғашқы голын соқты.
«Баварияда» шабуыл шебінде бірқатар өзгерістер орын алды. Джамал Мусиала ауыр жарақат алса, Лерой Сане мен Томас Мюллер клубтан кетті. Осыған байланысты, клуб жаңа маусым алдында шабуыл әлеуетін күшейтуді жоспарлап отыр.
Кей ақпарат көздеріне сүйенсек, ойыншының болашағына оның қазіргі клубының Еурокубоктағы жағдайы да әсер етуі мүмкін. УЕФА «Кристал Пэласты» Лига Европа турнирінен шеттетуі ықтимал — бұл клуб пен франциялық «Лионның» бір иелікке қарауына байланысты.
Айта кетейік, Эберечи Эзе «Баварияға» ауысса, бұрынғы әріптесі Майкл Олисемен қайта бір командада ойнауы мүмкін. Олисе өткен жылы дәл осы «Кристал Пэластен» неміс клубына ауысып, негізгі құрамға бекітілген болатын.