
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Премьер-лигаға оралды. Бұл туралы "Елімай" ФК баспасөз қызметі ресми мәлімдеді.
27 жастағы футболшы семейлік “Елімаймен” еркін агент ретінде келісімшартқа отырды. Бұған дейін ол Дания чемпионатында өнер көрсеткен.
2024 жылдың жазында Қостанайдың “Тобылынан” кетіп “Силькеборг” сапында 24 ойын өткізіп, 3 гол соққан. Оған дейін словениялық “Копер” клубында да қысқа уақыт өнер көрсетіп үлгерді. Алайда 2024 жылдың қаңтарында тараптар келісімді мерзімінен бұрын бұзған.
Рамазан Оразов Қазақстан құрамасындағы алғашқы ойынын 2021 жылдың 31 наурызында, Украинаға қарсы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өткізді.
Содан бері жартылай қорғаушы ұлттық құрама сапында 31 кездесу өткізіп, бір голдың авторы атанған. Бұл – ойыншының халықаралық деңгейдегі тәжірибесі мол екенін көрсетеді.
Футболшылардың трансферлік құны жөнінде ақпарат беретін Transfermarkt порталы Оразовтың нарықтық бағасын 350 мың еуро деп бағалап отыр.