Реклама
Реклама

"Қайрат" жеңіске жетіп, жеке дара көш бастады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
02.08.2025, 20:10

Алматының "Қайраты" ел біріншілігінің 19-турында Жезқазғанның "Ұлытауына" қарсы маңызды жеңіске жетті. Бұл кездесу турнирлік кестеде бірінші орын үшін шешуші сәттердің бірі болды.

instagram/@f.c.kairat

Фаворит өз сөзін айтты

Матч алдында букмекерлер де, сарапшылар да "Қайратты" анық фаворит деп таныды. Чемпиондыққа басты үміткер саналатын алматылықтар ойынның басым бөлігінде шабуылда ойнады. Ал жезқазғандықтар қорғаныс пен қарымта шабуылға иек артты, бірақ бұл тактика нәтиже берген жоқ.

Эдмилсонның дебютті голы

Бірінші таймның соңына таман "Қайрат" өз мүмкіндігін ұтымды пайдаланды. Команданың бразилиялық шабуылшысы Эдмилсон Дмитрий Непогодов қорғаған қақпаның бұрышын дәл көздеп, есеп ашты. 

Осы жеңістен кейін "Қайраттың" еншісінде 43 ұпай бар. Екінші орында тұрған "Астанадан" үш ұпайға алда келе жатқан команда Премьер-Лигада жеке дара көш бастады.

Ал "Ұлытау" 13 ұпаймен 12-орында қалып отыр.

Реклама
Реклама