
UEFA Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі «Қайрат» – «Слован» матчына арналған барлық билеттер сатылып кетті.
Алматыда өтетін Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі маңызды ойынға билеттер толық сатылып кетті.
UEFA Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Алматының "Қайрат" клубы Словакияның "Слован" командасымен кездеседі. Матч 6 тамыз 2025 жылы, сағат 20:00-де Орталық стадионда өтеді.
Алматылық клубтың соңғы уақытта көрсетіп жүрген жарқын ойыны жанкүйерлерге жаңа үміт сыйлады. Ойынға деген қызығушылық соншалық – билеттер толықтай сатылып кеткен.
"Қайрат" клубының ресми мәлімдемесінде жанкүйерлерге ерекше үндеу жасалды:
"Біз мұны бұрын да жасадық! Тағы да қайталай аламыз! Трибунадағы қолдау – біздің басты қаруымыз! Соңғы минутқа дейін алға!"
Матчты ұйымдастырушылар көрермендерді стадионға 2–3 сағат бұрын келуді өтінеді. Бұл қауіпсіздік тексерісінен тез өтуге және ұзын-сонар кезектің алдын алуға көмектеседі.
Стадионға кіру жолдары:
Сағат 17:00-ден бастап Орталық стадионда арнайы шоу бағдарламасы басталады. Мұнда түрлі интерактив, фотозоналар мен сыйлықтар қарастырылған.