Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Тимоти Веа «Марсельге» ауысып, әкесінің әйгілі мұқабасын қайталады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 09:12

Француздың «Марсель» клубы ресми түрде АҚШ құрамасының шабуылшысы Тимоти Веаның туриндік «Ювентустан» ауысқанын жариялады. 25 жастағы футболшы қазірдің өзінде команда базасына келіп, жаттығуларға кірісіп кетті.

Барлық фото ашық дереккөздерден алынған
Реклама
Реклама

Клуб ресми сайтында келісімшарттың егжей-тегжейі ашылмағанымен, француз және итальяндық БАҚ деректеріне сүйенсек, Веа маусым-2024/2025 соңына дейін жалға беріліп, одан кейін міндетті түрде сатып алынады. Трансфер құны €14 млн және €3 млн көлемінде бонустар қарастырылған.

Өткен маусымда америкалық шабуылшы «Ювентус» сапында барлық турнирлерде 42 матч өткізіп, 6 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген. Transfermarkt дерегі бойынша оның нарықтық құны €17 млн.

Әкесінің ізімен

Тимоти Веа трансферін жариялау үшін ерекше қадамға барды – ол 1989 жылы оның әкесі, әйгілі либериялық шабуылшы және «Алтын доп» иегері Джордж Веа түскен Onze Mondial журналының мұқабасын толықтай қайталады.

Сол жылдардағы стилі мен образын дәл сақтай отырып, Тимоти әкесіне құрметін білдірді.

Карьерасының соңғы кезеңінде Джордж Веа дәл осы марсельдік клубтың намысын қорғаған еді. 25 жылдан кейін командаға оның ұлы қосылды. 

Бұл сурет әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, жанкүйерлерден жылы пікірлерін жинады.

Жаңа кезеңнің бастауы

«Марсель» Веадан Лига 1-де және еурокубоктарда шабуыл шебінде жылдамдық пен креативті ойын күтіп отыр. Футболшының өзі жаңа клубта мүмкіндігін толық пайдалануға және әкесінің жолын лайықты жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары