Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Ливерпульдің" Англия Суперкубогы үшін матчында сенсация тіркелді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Жанкүйерлер әйгілі "Уэмбли" стадионында күтпеген нәтижеге куә болды. Суперкубок үшін "Ливерпуль" мен "Кристал Пэлас" арасындағы матч нағыз драмаға толы өтті.

"Уэмблидегі" тартысты айқас

Негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталды. "Ливерпуль" сапынан Юго Экитике (4-минут) және Джереми Фримпонг (21-минут) гол соқты. Ал "Кристал Пэлас" құрамында Жан-Филипп Матета (17-минут, пенальтиден) мен Исмаила Сарр (77-минут) мергендігімен көзге түсті.

Шешуші сәт — пенальти сериясы

Жеңімпаз негізгі уақытта анықталмағандықтан ойын пенальти сериясына ұласты. Қақпашылардың шеберлігі мен ойыншылардың жүйкесін сынаған серияда "Кристал Пэлас" 3:2 есебімен жеңіске жетіп, Суперкубок иегері атанды.

АПЛ маусымы алдындағы жоспар

"Ливерпуль" жаңа маусымдағы алғашқы АПЛ матчын 15-16 тамыз түні өз алаңында "Борнмутқа" қарсы өткізеді.

"Кристал Пэлас" болса, 17 тамызда сырт алаңда "Челсиге" қонаққа аттанады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір