"Челси" сатып алған Дастан Сәтпаев бүгін алғаш рет британиялық клубқа қарсы ойнайды.
"Қайраттың" жас жұлдызы Дастан Сәтпаев бүгін алғаш рет нағыз британиялық футболдың дәмін татпақ. Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде алматылықтар Шотландияның "Селтигіне" қарсы алаңға шығады.
Жас шабуылшы бұған дейінгі іріктеу кезеңдерінде шешуші голдар соғып, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленген еді. Оның статистикасы да көңіл қуантарлық:
Бұл көрсеткіштер оның "Қайраттағы" маңызын ғана емес, алдағы кездесуде негізгі сенім артар ойыншылардың бірі екенін дәлелдейді.
Ал шотландиялық клуб үшін алдағы кездесу 2025/26 маусымындағы алғашқы еурокубоктық матч болмақ.
Айта кетейік, аталған матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша сағат 00:00-де басталады. Ойынды "Qazsport" телеарнасынан көруге болады.