Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

«Селтик» бапкері Алматыда жеңетініне сенімді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 18:08

Алғашқы ойын Шотландияның Глазго қаласында өтіп, командалар тең тарқасқан болатын. 

Sportburo.kz
Реклама
Реклама

Шотландияның «Селтик» клубының бас бапкері Брендан Роджерс Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта ойында «Қайратты» сырт алаңда жеңетініне еш күмән келтірмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы inbusiness.kz хабарлады. 

Бірінші ойын — тең нәтиже

Алғашқы матч Глазгода өтіп, 0:0 есебімен аяқталған болатын. Роджерстің айтуынша, команда әсіресе бірінші таймда қарқынын жоғалтып, ойынды күткендей бастай алмаған. Тек екінші таймда «Селтик» ойынды жандандырып, қарсылас қақпасына қысым жасады.

«Бұл деңгейде бізге бұдан да жоғары нәтиже қажет. Келесі ойында соны дәлелдеуге тиіспіз», – деді бапкер.

Роджерс Алматыда өтетін матчта командасының жеңісіне толық сенімді екенін жеткізді. 

«Бұған дейін «Русенборгпен» осындай жағдайды бастан кешкенбіз. Үйде 0:0 ойнап, сырт алаңда жеңіске жеттік. Бұл жолы да жеңіс біздікі боларына күмәнім жоқ. Бәрі біздің қолымызда».

«Қайраттағы» жағдай

Айта кетейік, қарымта ойында алматылық команданың жас жұлдызы Дастан Сәтпаев алғашқы матчта алған сары қағазына байланысты алаңға шыға алмайды. Бұл «Қайрат» үшін маңызды шығын болмақ.

Қарымта кездесу 26 тамыз күні Алматыда өтеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары