«Қайрат» мадридтік «Реалға» қарсы Чемпиондар лигасының ойынына дайындық аясында ресми жаттығу өткізді.
Клубтың Instagram парақшасында ойыншылардың алаңға шығып, қызу дайындыққа кіріскен сәтінен бейнежазба жарияланды.
Видео кадрларында жанкүйерлер Дастан Сәтпаев, Шерхан Қалмырза, Егор Сорокин, Жоржиньо, Еркін Тапалов және өзге де футболшыларды жаттығу кезінде көре алды.
Посттың сипаттамасында:
«Ойын алдындағы жаттығуға шықтық», – деп жазылған.
Еске сала кетейік, 30 қыркүйек күні, Астана уақытымен 21:45-те, Алматының «Орталық» стадионында Чемпиондар лигасының 2025/2026 жылғы маусымындағы екінші тур ойыны өтеді. Бұл кездесуде «Қайрат» әйгілі «Реалды» қабылдайды.