Бельгиялық қақпашының соңғы матчтардағы көрсеткіші команда бапкері Хаби Алонсоның біраз ойлануына сеп болып отыр.
Куртуа - әлемнің үздік қақпашысы және Реал командасының негізгі ойыншыларының бірі саналады. Алайда бельгиялықтың соңғы ойындардағы көрсеткен өнері оның алдағы болашағына кері әсерін тигізуі әбден мүмкін.
Қақпашы өз командасының маңызды дерби кездесуінде бақандай 5 гол жіберді. Бапкер Хаби Алонсоның өзі Тибоның жағдайына алаңдаулы. Тәжірибелі маман қақпашының бойында бір күйзелістін барын алға тартып отыр.
Егер де Куртуа келер ойындарда есін жиып, қайтадан қалыпқа келмесе, онда оның орнын өз мүмкіндігін тосып отырған Андрей Лунин басады.
Жалпы 33 жастағы қақпашы мадридтік командада 2018 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Содан осы уақытқа дейін Тибо "Реал" жейдесінде 296 матч өткізіп үлгерді.
Естеріңізге салайық, тарихи матч, бүгін, 30 қыркүйек күні сағат 21:45-те Орталық стадионда өтеді.