Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстан кубогы жеңімпазы кім болатыны айтылды

Сарапшы, спорт журналисі
04.10.2025, 10:49

Ресейлік БАҚ финалға өз болжамын жасады. 

Inbusiness.kz
Реклама
Реклама

Кызылордада өтетін Қазақстан Кубогы–2025 финалына Ресей сарапшылары да назар аударып отыр. VseProSport.ru порталы шешуші ойында «Ордабасы» емес, «Тобыл» фаворит екенін ашық жазды.

Бүгін, 4 қазанда, Қызылордада жанкүйер күткен үлкен футбол мерекесі өтеді. «Ордабасы» мен «Тобыл» Қазақстан Кубогының иегері атану үшін жасыл алаңға шығады. Матчтың басталуы – 19:00-де.

Бұл финал тек трофей үшін емес, сонымен қатар келер маусымдағы еурокубок жолдамасы үшін де маңызды.

Ресей сарапшыларының пікірі

Ресейдің VseProSport.ru порталы ойынға болжам жасап, «Тобылды» айқын фаворит деп атады:

«„Тобыл“ — толық негізді фаворит. Маусым бойы костанайлықтар әлдеқайда жүйелі әрі сенімді ойнап келеді. Соңғы үш тікелей кездесуде де олар „Ордабасыдан“ басым түсті. Ал Шымкент клубының қазіргі ойыны тұрақсыз. Осыны ескерсек, Кубокты дәл „Тобыл“ көтереді деген тұжырымға келдік. Біздің болжам — „Тоболдың“ жеңісі».

Фактілер мен статистика

  • «Тобыл» соңғы үш матчта «Ордабасыны» жеңді.
  • Костанайлықтар биыл Премьер-лигада да тұрақты нәтижелерімен ерекшеленіп жүр.
  • «Ордабасы» биылғы маусымда жиі ұпай жоғалтып, шешуші сәттерде сыр беріп келеді.
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары