Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Фабио Каннаваро Өзбекстан құрамасын баптайды: Келісімнің шарты қандай?

Сарапшы, спорт журналисі

Жылына 4 миллион еуроға жуық табыс табатын италиялық маманнан жанкүйерлер енді тарихи серпіліс күтері анық. 

Фабио Каннаваро Өзбекстан құрамасын баптайды: Келісімнің шарты қандай?
Vesti.kz

Әлем футболының жұлдызы, 2006 жылғы әлем чемпионы және “Алтын доп” иегері Фабио Каннаваро Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері атанды. Оның жылдық табысы жаттықтырушылар штабымен бірге 3,5–4 миллион еуро көлемінде болмақ. Бұл — Азия футболы тарихындағы ең қымбат келісімдердің бірі.

Фабио Каннаваро мен Өзбекстан футбол федерациясы арасындағы келісімшарт бір жылға есептелген. Негізгі мақсат — 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі нәтиже.

Егер құраманың ойыны сәтті шықса, тараптар келісімді ұзартуға дайын. Ал егер нәтиже күткендей болмаса, Каннаваро Еуропаға оралуы мүмкін.

Фото: sport.orda.kz

Неге Өзбекстан?

52 жастағы маман ұзақ уақыт бойы Италиядан немесе Еуропаның үздік 5 лигасындағы клубтардан ұсыныс күтті. Қазақстан да қызығушылық танытқанымен, Өзбекстан федерациясы анағұрлым табандылық танытып, қомақты қаржылай ұсыныс жасады.

Бұл трансфер Орталық Азия футболындағы тарихи оқиғаға айналып отыр, себебі мұндай деңгейдегі бапкерді аймақ елдері сирек тарта алады.

Каннаваро штабы

Фабионың сенімді серігі, туған інісі Паоло Каннаваро (44 жас) да Ташкентке келмек. Ол соңғы рет Италия Серия С клубы — “Про Верчеллиде” жұмыс істеп, 2024 жылдың соңында қызметінен кеткен болатын.

Сонымен қатар, жаттығу процесіне жауап беретін бірнеше италиялық фитнес-мамандар мен аналитиктер қосылуы ықтимал.

Фото: Zamin.uz

Айта кетейік

Каннаваро бұған дейін Қытайдың бірқатар клубтарын, тіпті Қытай құрамасын жаттықтырған. Сондай-ақ, Хорватиядағы “Динамо Загребте” қысқа мерзімде жұмыс істеді.

Италияда бұл келісім “Фабио үшін жаңа мүмкіндік” деп бағалануда. Себебі ол қайтадан үлкен футбол сахнасына шығуға талпынуда.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір