
Ресейлік БАҚ финалға өз болжамын жасады.
Кызылордада өтетін Қазақстан Кубогы–2025 финалына Ресей сарапшылары да назар аударып отыр. VseProSport.ru порталы шешуші ойында «Ордабасы» емес, «Тобыл» фаворит екенін ашық жазды.
Бүгін, 4 қазанда, Қызылордада жанкүйер күткен үлкен футбол мерекесі өтеді. «Ордабасы» мен «Тобыл» Қазақстан Кубогының иегері атану үшін жасыл алаңға шығады. Матчтың басталуы – 19:00-де.
Бұл финал тек трофей үшін емес, сонымен қатар келер маусымдағы еурокубок жолдамасы үшін де маңызды.
Ресейдің VseProSport.ru порталы ойынға болжам жасап, «Тобылды» айқын фаворит деп атады:
«„Тобыл“ — толық негізді фаворит. Маусым бойы костанайлықтар әлдеқайда жүйелі әрі сенімді ойнап келеді. Соңғы үш тікелей кездесуде де олар „Ордабасыдан“ басым түсті. Ал Шымкент клубының қазіргі ойыны тұрақсыз. Осыны ескерсек, Кубокты дәл „Тобыл“ көтереді деген тұжырымға келдік. Біздің болжам — „Тоболдың“ жеңісі».