Команданың бас бапкері Рафаэль Оразбахтин Александр Заруцкидің қазіргі жағдайына тоқталып өтті.
Еске салайық, сары-қаралардың негізгі қақпашысы “Селтикпен” болған бірінші ойында жарақат алып қалған болатын. Одан кейін, Заруцкидің орнын Темірлан Анарбеков басты. Алайда олда ішкі чемпионаттың "Ақтөбеге" қарсы матчында қатардан шығып қалды. Сол себептен “Қайрат” командасының бапкерлік штабы Чемпиондар Лигасының қос кездесуіне Шерхан Қалмырзаны қақпаға қойды. Аталған ойыншы “Спортинг” пен “Реалмен” болған матчтарда 9 гол жіберді.
"Қайрат" ФК бас бапкері Рафаэль Оразбахтин:
“Заруцкий жәймендеп жаттығуларға кірісті. Әзірге оның қашан қатарға қосылатыны жайында дөп басып айта алмаймын. Оның жарақат алған аяғының жүктемелерге қалай шыдап бергенін бақылауымыз керек. Бұған дейін залда жаттығып жүрген Александр бүгінде доппен жұмыс жасауда. Алдағы үзіліс кезінде Заруцкий қайта қалыпқа келіп алуы тиіс. Жаттығуын жалғастыра берсе, барлығы жақсы болады деген үміттеміз.”
Александрды “Қайрат” жейдесінде Чемпиондар Лигасы матчында өнер көрсеткенін барша қазақ жанкүйерлері тосып отыр. Алдағы уақытта ұлттық құрама қақпашысы Алматы ұжымының “Интерге” қарсы қараша айындағы кездесуіне дайын болып қалуы мүмкін. Оған мүмкіндігі болмады дегеннің өзінде, жалпы кезеңде тағы команданың 4 білдей ойыны бар. “Қайраттың” іріктеуден үздіктер қатарына кіруіне жағдай жасап берген Александр Заруцкийдің еурокубоктің басты додасында ойнауына әбден құқығы бар.