Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Самат Смақов Шерхан Қалмырзаға қандай кеңес бергенін айтты

Сарапшы, спорт журналисі

Бапкердің айтуынша, Шерхан баспазөзбен араласпауы қажет.

Самат Смақов Шерхан Қалмырзаға қандай кеңес бергенін айтты
Шерхан Қалмырза. Фото: ФК "Қайрат"

Талдықорғанның «Жетісу» командасының бас бапкері Самат Смақов «Қайрат» клубының жас қақпашысы Шерхан Қалмырза туралы пікір білдіріп, жас ойыншыларды шамадан тыс назардан қорғау керектігін айтты.

«Үлкен ағасы ретінде онымен жиі сөйлесуге тырысамын. Шынымды айтсам, оған баспасөзбен араласпауға, түрлі телебағдарламаларға қатыспауға кеңес бердім. Шерхан ол әлі өте жас. Мысалы, Еркебұлан Сейдахмет «Уфаға» ауысқан кезде бәрі оны «тұншықтырып» жіберді: «Еркебұлан дәретханаға барды», «Еркебұлан «coco-cola» сатып алды», «Еркебұлан мынаны істеді» деген сияқты жаңалықтар толып кетті. Соңында таланттан айырылдық», - деді Смақов.

Бапкердің айтуынша, тым көп назар мен ерте келген атақ жас футболшылардың қалыптасуына кері әсерін тигізуі мүмкін.

«Қазір ең бастысы — балаларға қысым жасамау, керісінше, қолдау көрсету. Олар әлі ештеңе ұтқан жоқ, сондықтан шамадан тыс мадақтаудың қажеті жоқ. Бір сәтте бүкіл бір буынды жоғалтып алу қаупі бар»,- деп қосты ол.

Еске сала кетейік, «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырза биылғы маусымда алматылықтардың негізгі құрамында дебют жасап, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде мадридтік «Реалға» қарсы ойнаған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір