Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Қайраттың" бапкері футболшыларға қымбат сыйлық беруге қатысты ойын айтты

Сарапшы, спорт журналисі

Алматылық "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Оразбахтин баспасөз мәслихаты кезінде футболшыларға қымбат сыйлық жасауға қатысты ойын айтты.

"Қайраттың" бапкері футболшыларға қымбат сыйлық беруге қатысты ойын айтты
Сүрет: ашық дереккөздерден

Бұған дейін "Реалға" қарсы ойында "Қайраттың" қақпасын қорғаған 18 жастағы Шерхан Қалмырзаға қазақстандық кәсіпкер су жаңа көлік сыйлаған болатын. Бүгін "Қайраттың" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтуіне үлкен үлесін қосқан қақпашы Темірлан Анарбеков те отандық кәсіпкерлерден темір тұлпар сыйға алғаны белгілі болды.

Алматылық клубтың бас бапкері Рафаэль Оразбахтин ойыншыларға мұндай қымбат сыйлық беруге қатысты ойын айтты. Маман футболшылардың бөліп жару дұрыс емес екенін жеткізді.

"Кәсіпкерлерге мұндай сыйлықтарды беруге тыйым сала алмаймыз. Алайда ойыншыларды бөліп жару дұрыс емес. Бұл спорттың командалық түрі. Көмектескің келсе, клубқа көмектесу керек деп ойлаймын. Сыйлық бергіңіз келе ме? Бәріне беріңіз. Алайда мұндай сыйлық бергісі келетіндерге үйретуге қақым жоқ.

Алайда командалық жұмыс тұрғысынан біреуді бөліп жару дұрыс емес. Біздің клубтың саясаты осындай. Мен де соны ұстанамын. Кәсіпкерлер өз пайдасын да ойлайтын шығар. Олардың ойында не бар екенін айта алмаймын", - деді Оразбахтин.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір