Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстан жастар құрамасы Еуропаның ең әлсіз командасынан жеңілді

Сарапшы, спорт журналисі
10.10.2025, 09:34

Қарсыластар осыған дейін жеті жыл жеңіс дәмін көрмеген.

ҚФФ
Реклама
Реклама

Футболдан Қазақстанның 21 жасқа дейінгі құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеуінде Андоррадан 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Матч сырт алаңда өткен. Бірінші тайм қос құрама да есеп аша алмай, үзіліске 0:0 есебімен тарқасты. Ал, екінші таймда бұрыштан көтерілген допқа бірінші жеткен Марк Родригес Дулат Талыспаев күзеткен қақпадан саңлау тауып, жеңіс голын соқты.

Осылайша үш ойынның біреуінде жеңіп, екеуінде жеңілген Мамонов шәкірттері турнир кестесінің бесінші сатысына төмендеді. Дәл осынша ұпай жинаған андорралықтар соңғы алтыншы сатыда тұр.

Айта кету керек, футболдан Андорра құрамасы Еуропадағы ең әлсіз, яғни аутсайдер командалардың бірі. Топтық кезеңде олар 5 ойын өткізіп, соның төртеуінде жеңілген және тек бір матчта ғана жеңіске жетті.

Қараша айында Қазақстан жастары Словакиямен және Молдовамен кездеседі.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары