
Абай облысының әкімі Берік Уәли "Елімайдың" жаттығу процесін бақылап, команда ойыншыларымен және бапкерлер құрамымен кездесті.
Кездесу барысында өңір басшысы командаға 2025 жылғы маусымның соңғы ойындарына сәттілік тілеп, клуб жанкүйерлеріне қолдауы үшін алғыс білдірді.
"Семей — қазақ футболының алтын бесігі. Бұл өңірде футболға деген ерекше сүйіспеншілік бар. "Елімай" – облысымыздың абыройын асқақтатып жүрген мақтанышымыз. Сіздерге жаңа жеңістер мен биік жетістіктер тілеймін." — деді Берік Уәли.
Әкім өз сөзінде Семей қаласында 25 мың көрерменге арналған жаңа футбол стадионының құрылысы басталғанын хабарлады.
Бұл жоба аймақтың спорт инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеріп, жанкүйерлер мен жас спортшылар үшін заманауи жағдай жасауға бағытталған.