Максим Самородовқа Ресейде қатаң жаза тағайындалды
Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысына қаржылай айыппұл салынған екен.
Грозныйдың "Ахмат" клубының шабуылшысы Максим Самородов Ресей Премьер лигасының 11-турында "Краснодарға" қарсы ойында болған оқиға үшін 50 мың рубль көлемінде айыппұл төлейтін болды.
ФС Тәртіптік комитетінің төрағасы Артур Григорьянцтың хабарлауынша, Самородов ойын барысында эмоциясын ұстай алмай, аяғымен стадионның LED-видеобортына қатты соққы жасаған. Соның салдарынан құрылғы бүлініп, залал жөнінде арнайы акт толтырылған.
Аталған матч өткен сенбіде өтті. Кездесу "Краснодардың” 2:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Үй иелері сапынан Джон Кордоба мен Диего Коста көзге түсті.
Осы оқиғаға байланысты Самородовтың әрекеті спорттық этикаға сай келмейді деп бағаланып отыр.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.