Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

ҚФФ басшылығы масқара нәтиже үшін түсініктеме берді

Сарапшы, спорт журналисі

Естеріңізге салсақ, жастар құрамасы Андорра елінен жеңілген болатын.

ҚФФ басшылығы масқара нәтиже үшін түсініктеме берді
Сүрет: ашық дереккөздерден

ҚФФ ұлттық құрамалар департаментінің директоры Руслан Балтиев Қазақстан жастар құрамасы (U-21) мен Андорра (U-21) құрамалары арасындағы (0:1) матчтың қорытындысы туралы пікір білдірді.

«Бұл ойын нәтижесі біздің команданың ойындарын бақылап жүрген барша жанкүйердің көңіліне қаяу түсірді. Жеңіске жетуіміз тиіс қарсыластан жеңілу – бұл мұқият талдауды қажет ететін дабыл. Мұндай сәтсіз нәтиже - ойыннан қорытынды шығарып, команданы нығайтуға берілген мүмкіндік. Біз ойынға жан-жақты талдау жасап, дайындық сапасы мен ойыншылардың психологиялық жағдайын бақылаймыз. Жақында жаттығу процесін түзету және кейбір бағыттарды күшейту бойынша шаралар қабылданады. Команданың жеңуге әлеуеті бар, біз жігіттердің бұл сынаққа алдағы ойындарда лайықты жауап береріне сенеміз.
Футболшылар мен жаттықтырушылардан кәсібилікті күтеміз, сондай-ақ жанкүйерлердің қолдауына үміт артамыз. Бәріміз бірігіп, құрамадан күтілетін деңгейге қайта жетеміз деп сенемін», – деді Р.Балтиев.

Айта кетейік, Словакия, Ирландия, Молдова, Англия және Сан-Марино құрамаларынан жасақталған топта Қазақстан жастары әзірге бесінші орында келеді. Біздің құрама да үш ойыннан кейін қоржынымызда бар болғаны үш ұпай жиналған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 1
😂 0
😡 3

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір