Солтүстік Қазақстанда 5 мың орындық футбол манежі салынады

Сарапшы, спорт журналисі

Петропавл қаласында заманауи, жабық үлгідегі футбол манежі салынатын болды.

Солтүстік Қазақстанда 5 мың орындық футбол манежі салынады
ФОТО ашық дереккөздерден

Нысанның сыйымдылығы — 5 мың көрерменге дейін. Құрылысты Береке шағынауданында жүргізу жоспарланған.

Жобаның бастамашысы — белгілі кәсіпкер Сергей Кан, ол Forbes Kazakhstan журналының 2025 жылғы "Елдің ең ықпалды 50 бизнесмені” рейтингінде 32-орын алған.

Кәсіпкер тек манежбен шектелмей, сонымен қатар футбол академиясын да салмақ. Бұл орталықта Солтүстік Қазақстан облысының түкпір-түкпірінен келген жасөспірім ұлдар мен қыздар бірдей жағдайда жаттығу мүмкіндігіне ие болады.

Бұған дейін Петропавлда "Жеңіс” спорт мектебінің футбол алаңы жаңартылып, ҚФФ-ның ALAÑ бағдарламасы аясында қайта жөндеуден өткен болатын.

Айта кетейік, 2025 жылдың қаңтарында қалада болған ірі өрт салдарынан бұрынғы жалғыз жабық манеж толық жойылып, тек металл қаңқасы ғана қалған еді.