Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Каннаваро Өзбекстанда Италия құрамасы бапкерінен бес есе көп табады

Сарапшы, спорт журналисі
10.10.2025, 18:30

Италияның беделді La Gazzetta dello Sport басылымы ұлттық құрамаларды жаттықтыратын ең жоғары жалақы алатын 10 бапкердің тізімін жариялады.

gazeta.uz
Реклама
Реклама

Ең қымбат ұлттық құрамалар бапкерлері анықталды

Рейтингтің көшін Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти бастап тұр. Оның жылдық табысы 9,5 миллион еуро.

Төртінші орында тағы бір италиялық маман — Фабио Каннаваро. Ол қазір Өзбекстан құрамасының бас бапкері қызметін атқарады және жылына 4 миллион еуро табыс табады.

Бұл сома Италия құрамасын жаттықтырып жүрген Дженнаро Гаттузоның еңбекақысынан бес есе көп. Итальяндық БАҚ-тың мәліметінше, Гаттузоның жалақысы жылына 800 мың еуро. Ал әлем чемпионатына жолдама алса, қосымша 1 миллион еуро бонус алады.

Каннавароның табысы сондай-ақ Португалия құрамасының басшысы Роберто Мартинеспен тең.

Топ-10 бапкер тізімі

  1. Карло Анчелотти (Бразилия) — 9,5 млн еуро
  2. Томас Тухель (Англия) — 5,9 млн еуро
  3. Юлиан Нагельсман (Германия) — 4,9 млн еуро
  4. Фабио Каннаваро (Өзбекстан) — 4,0 млн еуро
  5. Роберто Мартинес (Португалия) — 4,0 млн еуро
  6. Дидье Дешам (Франция) — 3,8 млн еуро
  7. Марсело Бьелса (Уругвай) — 3,5 млн еуро
  8. Рональд Куман (Нидерланд) — 3,0 млн еуро
  9. Густаво Альфаро (Парагвай) — 2,5 млн еуро
  10. Лионель Скалони (Аргентина) — 2,3 млн еуро
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары