Алматылық «Қайрат» ФК шабуылшы Дастан Сәтпаевтың жағдайына байланысты маңызды шешім қабылдады.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, футболшы бүгін түнде Катар астанасы Дохаға ұшып барады. Онда ол қосымша медициналық тексеруден өтеді.
«Бұл шешім дәрігерлердің ұсынымы бойынша қабылданды. Тексеріс барысында ойыншының диагнозы нақты анықталып, денсаулығына терең талдау жасалады», — делінген хабарламада.
Дастан Сәтпаев Катардың жетекші клиникаларының бірінде толық медициналық сараптамадан өтеді деп күтілуде. Тексеру нәтижелері бойынша оның әрі қарайғы оңалу және жаттығу бағдарламасы анықталады.