Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Чебуринның тұмары": Литвалық маман Қашкеннің шақырту алғанын күлкі қылды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 17:01

Литвалық жанкүйерлер Қашкенді Чебуринның тұмары деп атаған екен.

Сурет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

Литвалық комментатор әрі TV3 журналисі Мантас Красницкас Sports24.kz-ке берген сұхбатында Дінмұхамед Қашкеннің Қазақстан құрамасына шақырылуына қатысты өз әсерін айтты.

«"Жальгирис" сапында Қашкен алаңға шыққан жоқ — адамдар оны тек Чебуриннің тұмары деп әзілдейтін. Мен тіпті оның кеткен соң мансабын аяқтайды деп ойлаған едім, себебі ол Литва чемпионатының деңгейіне де сай келмейтін. Ал Дінмұхамедтің ата-анасы бай болғандықтан оның футболды жай ғана хобби ретінде көретіні байқалатын», – деді сарапшы.

Айта кетейік, Талғат Байсұфинов 25 жастағы «Жетісу» қорғаушысын 2026 жылғы ӘЧ-ның іріктеу кезеңіндегі Лихтенштейнге қарсы матчқа (4:0) шақырған болатын. 13 қазанда ол ұлттық құрама сапында Солтүстік Македонияға қарсы ойында дебют жасауы мүмкін.

Ағымдағы маусымда Қашкен 13 матч өткізіп, бір голмен көзге түсті.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары