Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Ұлттық құраманың басты ойыншыларының бірі бүгінгі ойынға қатыса алмайды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 09:09

“Amanvibe” телеграм-арнасының мәліметінше, Рамазан Оразов жарақат алып қалған екен.

Рамазан Оразов. Фото: ҚФФ
Реклама
Реклама

Құраманың кезекті жаттығуында Рамазан Оразов жарақаттаныпты. Сол себептен, “Елімай” ойыншысы ертеңгі Скопьедегі кездесуді шеттен бақылайтын болды.

Оның орнына орталық шепке Талғат Байсуфинов Дамир Қасаболатты қарастыруы мүмкін.

Осыған дейін, Рамазан Оразов ел құрамасының осы жылғы Әлем чемпионаты іріктеуінің 4 ойынына қатысып, 1 сары қағаз алған болатын.

Еске салсақ, Лихтенштейнге қарсы өз алаңымыздағы кездесуде Рамазан екінші ескертуін алып қалмасын деп біздің бапкер оны алаңнан алмастырып тастаған еді. Алайда сақтаған футболшымыз жаттығуда алған жарақатының кесірінен маңызды ойында құрамаға көмектесе алмайтын болды.

Рамазан Оразов Қазақстан ұлттық құрамасында 2021 жылдың 31 наурызында Украинаға қарсы әлем чемпионатына іріктеу кездесуінде дебют жасаған. Сол уақыттан бері құрама сапында 32 матч өткізіп, бір голдың авторы атанды. Ол – ұлттық құраманың тұрақты ойыншыларының бірі.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары