Футболшының әжесі және немере ағасы да дүниеден өткен.
«Ақтөбе» футбол клубы өзінің жас ойыншысы Арон Мұсаның өмірден өткенін хабарлады. 15 жастағы спортшы QJ League турнирінде ойнайтын «Ақтөбе U-16» командасының қорғаушысы болған.
Клубтың ресми мәлімдемесінде:
«Кеше, QJ League турнирінде ойнайтын “Ақтөбе U-16” командасының ойыншысы, 15 жастағы футболшы Арон Мұса өмірден озды. Арон бауырымызбен бірге әжесі және немере ағасы да дүниеден өтті. Мұса әулетіне, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Аро №15 — сен әрдайым жүрегіміздесің!» — делінген.
Қайғылы оқиғаға байланысты клуб пен жанкүйерлер отбасы мен жақындарына көңіл айтты.