Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Өзбекстан мен Уругвай арасындағы жолдастық матч үш голмен аяқталды

Сарапшы, спорт журналисі
13.10.2025, 21:21

Малайзияның Мелака қаласында өткен жолдастық кездесуде Уругвай құрамасы Өзбекстаннан 2:1 есебімен басым түсті. 

Instagram/@uzbekistanfa
Реклама
Реклама

Торрес пен Санабрия көзге түсті

Уругвай сапынан Факундо Торрес пен Хуан Санабрия мергендігімен көзге түсті. Ал өзбекстандықтардан жалғыз голды Русланбек Жиянов соқты.

Бұл екі құрама тарихтағы үшінші рет кездесіп отыр. Бұған дейін 2018 және 2019 жылдары өткен матчтарда да Уругвай айқын жеңіске жеткен. Екі ойында да есеп 3:0 есебімен тіркелген.

Өзбекстан — тарихтағы алғашқы әлем чемпионаты

Айта кетсек, Өзбекстан ұлттық құрамасы өз тарихында алғаш рет 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алған болатын. Алдағы мундиаль АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары