Жас талант Англияға ауыса ма?
20 жастағы ағылшын жартылай қорғаушысы Джоб Беллингемнің Германиядағы мансабы көпшілік күткендей өрбіген жоқ. Ол ағасы Джуд секілді «Сандерлендтен» кейін жоғары лигаға секіріс жасап, дортмундтық «Боруссияға» ауысқан еді. Бірақ жаңа клубта өз орнын табу оңай болмай тұр.
Беллингем осы маусымда 8 матчқа қатысып, барлығы 281 минут қана алаңда өткізді. 3 кездесуде ғана ойынды негізгі құрамнан бастады. Нәтиже де көңіл көншітпейді — ешқандай гол не пас тіркелмеген.
Фанаттар мен сарапшылар сынға алып жатқанда, ойыншының ата-анасы клуб басшылығымен және бас бапкер Нико Ковачпен келіспей қалғаны айтылды.
Беллингемнің осындай жағдайы Англия клубтарының назарынан тыс қалмады. Bild мәліметінше, «Манчестер Юнайтед» пен «Кристал Пэлас» жас таланттың жағдайын бақылап отыр және егер ол Дортмундтан кетуге шешім қабылдаса, келісім жасауға дайын.
«Юнайтедтің» бас бапкері Рубен Аморим Беллингемнің ойынын жоғары бағалап, оны өз тактикасына мінсіз сай келетін ойыншы деп санайды.
Джоб ағасы Джуд Беллингемнің жолымен жүруді армандаған. Джуд дәл осы «Боруссиядан» «Реал Мадридке» ауысып, әлемнің ең үздік ойыншыларының біріне айналды. Алайда Джоб әзірге сол деңгейге жетудің алғашқы кезеңінде тұр.