Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Максим Самородов "Қайратты" ресейлік клубпен салыстырды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 20:45

Қазақстан құрамасы мен грозныйлық «Ахмат» ФК жартылай қорғаушысы Максим Самородов «Совспорт» порталына сұхбат берді.

Максим Самородов. Фото: “Ахмат” ФК
Реклама
Реклама

Онда 23 жастағы футболшы өзі өнер көрсететін клубты алматылық «Қайратпен» теңеп, грозныйлықтардың деңгейі жоғары екеніне назар аударған болатын.

«Меніңше, «Ахмат» «Қайраттан» мықтырақ», - деді футболшы.

Кеше Максим РПЛ-дің 12-туры аясында «Ахмат» сапында сырт алаңда мәскеулік «Динамоға» қарсы ойында доп тепті. Отандасымыз матчты бастапқы құрамда бастап, 75-минутқа дейін өнер көрсеткен. Самородов биылғы маусымда Ресей премьер лигасында грозныйлық клубтағы 12 бәсекеде 4 нәтижелі пастың авторы атанды. Қазір жартылай қорғаушының нарықтағы бағасы 2,5 млн еуро.

Transfermarkt сайтының мәліметіне сүйенсек, грозныйлық ұжымның трансферлік құны 26 миллион еуроға тең. Ал “Қайрат” клубының бағасы 12,73 миллион еуро.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары