ҚПЛ клубы "Спортингтің" түлегін қатарға қосты
Ақтаулық "Каспий" Португалиядан легионер шақырды. Орталық қорғаушы Бернардо Моргадо мансабын Қазақстанда жалғастырып, клубпен келісімшартқа қол қойғаны хабарланды.
Португалиялық қорғаушының соңғы клубы қайсы?
27 жастағы Моргадоның ең соңғы командасы – Швецияның “Дегерфорс” клубы. Журналист Елдар Аманбаевьың дерегінше, ол бұл ұжымда екі маусымда 33 матч өткізген. Ал өткен маусымда Швеция чемпионатында 15 ойынға қатысқан.
Айта кетейік, швециялық БАҚ-тар Моргадоның “Дегерфорстан” келісімшарты аяқталғанын жазған.
“Спортинг” академиясынан шыққан ойыншы
Бернардо Моргадо Португалиядағы әйгілі мектептердің бірі саналатын “Спортинг” жүйесінде, сондай-ақ “Витория Сетубал” құрылымында тәрбиеленген ойыншы.
Transfermarkt мәліметінше, португалиялық қорғаушының нарықтық құны шамамен 200 мың еуро деңгейінде.
Өткен маусым қорытындысында “Каспий” Бірінші лигада чемпион атанып, алдағы маусымда Қазақстан Премьер-лигасын бастайды. Ақтаулық клубтың ресми ресурстарында да команданың алтын медаль алғаны туралы жазылған.