"Атлетико" тарихындағы үздік сұрмерген МЛС-ке кетуге жақын

Сарапшы, спорт журналисі

Мадридтің "Атлетико" клубында өнер көрсететін француз шабуылшысы Антуан Гризманн жақын уақытта АҚШ-тың MLS лигасына ауысуы ықтимал. 

"Атлетико" тарихындағы үздік сұрмерген МЛС-ке кетуге жақын
football24.ua

Келіссөздер қай деңгейде?

The Athletic дерегінше, Гризманн мен ”Орландо Сити” арасындағы келіссөздер ілгері кезеңге жеткен. Дегенмен ойыншының өзі маусымды Еуропада аяқтауды жоспарлап отырғаны айтылады.

Бұл әңгімелердің негізсіз емес екенін “Орландоның” бас менеджері әрі спорттық директоры Рикардо Морейраның бірнеше мәрте Испанияға арнайы келуі де аңғартады. Ол сапарларда дәл осы трансфер тақырыбы талқыланған деген мәлімет бар.

Негізгі түйін: МЛС трансферлік терезесі

Америкалық клуб Гризманнды 26 наурызға дейін (MLS-тегі трансферлік терезе жабылатын мерзім) тіркеуді қалайды. Алайда бұл жоспарға кедергі болуы мүмкін бір маңызды фактор бар.

Гризманнның “Атлетикомен” келісімшарты 2027 жылдың 1 шілдесіне дейін жарамды. Осы себепті мадридтік ұжым әзірге өз көшбасшыларының бірін оңайлықпен жіберуге асықпайды.

Антуан Гризманн — “Атлетико” тарихындағы ең нәтижелі сұрмерген. Оның еншісінде 210 гол бар. Қазіргі маусымда ол барлық турнирде 35 матч өткізіп, 12 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

Айта кетейік, француз форвард 12 ақпанда гол соғып, Испания кубогының жартылай финалындағы алғашқы ойында каталониялық “Барселонаға” қарсы 4:0 есебімен ірі жеңіске үлес қосты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір