Реклама
Реклама

ҚПЛ-дің топ клубы жекеменшікке өтуге жақын

Сарапшы, спорт журналисі
25.02.2026, 14:27

Өткен маусымда клуб өз тарихында алғаш рет еурокубоктерге жолдама алған болатын.

Сурет: ашық дереккөздерден

Еліміздегі ең ірі тау-кен өндіруші компаниялардың бірі — "KAZ Minerals" жақын уақытта "Елимай" футбол клубының маңызды акционерлерінің біріне айналуы мүмкін, деп хабарлайды AmanVIBE.

"Менің мәліметім бойынша, мыс өндіруші корпорация команда үшін жаңа стадион салу жобасында негізгі қаржылық серіктес болады. Компания инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға қажетті инвестицияның басым бөлігін қамтамасыз етеді деп күтілуде.

Сонымен қатар, негізгі акционер мәртебесінде „KAZ Minerals“ Абай облысында футболды дамытуға белсендірек атсалысуды жоспарлап отыр", – деп жазады дереккөз.

Еске салайық, өткен маусымда Қазақстан Премьер-Лигасында "Елимай" қорытынды төртінші орынды иеленіп, Конференция лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алған болатын.

Оқи отырыңыз:

Реклама
Реклама