"Атлетико" – "Барселона": ЧЛ жартылай финалына кім шығады

Сарапшы, спорт журналисі
14.04.2026, 15:38

Сәуірдің 14-нен 15-не қараған түні Ливерпуль мен Мадрид қалаларында Чемпиондар лигасының ширек финалы аясында қарымта матчтар өтеді.

Vesti.kz

"Атлетико" – "Барселона" және "Ливерпуль" – ПСЖ текетірестері алғашқы ойында 2:0 есебімен аяқталған болатын. Испаниялық дербиде мадридтіктер алда болса, париждіктер Англияға сапар алдында өз алаңында үстемдік етті. 

"Атлетико" – "Барселона"

Алғашқы ойында жеңілгеніне қарамастан, "Барселонаның" бас бапкері Ханси Флик баспасөз мәслихатында жағдайды өзгертуге мүмкіндік бар екенін мәлімдеді. 

Осы ретте екі командада да жарақат алған ойыншылар аз емес екенін ұмытпаған жөн.

  • "Атлетико" сапында Кардосо, Облак және Барриостың алаңға шығуы екіталай. Ал Хименес, Ганцко мен дисквалификацияланған Пубиль ойнамайтыны нақты.
  • "Барселона" сапында Берналь, Кристенсен, Кубарси (дисквалификация) және Рафинья қатардан шығып қалды. Мартиннің жағдайы да белгісіз.

Диего Симеоне соңғы ішкі чемпионат ойынында негізгі құрамға демалыс берсе, Флик негізгі ойыншыларды түгел ойнатқан болатын.

"Атлетико" мен "Барселона" арасындағы матчтың тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасы 14 сәуірден 15-не қараған түні сағат 23:50-де басталады.

Фото: sovsport.ru

"Ливерпуль" – ПСЖ

Парижде қарсылас қақпасына бірде-бір соққы бағыттай алмаған "Ливерпульдің" бапкері Арне Слот өз командасының маңызды сәтте жинала алатынына сенімді. Бірақ статистика париждіктердің пайдасында: ПСЖ еурокубоктардың плей-офф кезеңінде "Ливерпульден" ешқашан жеңілмеген.

Ливерпульдегі матчтың трансляциясы 14 сәуір күні сағат 23:50-де басталады. Бұл ойын теледидардан көрсетілмейді, бірақ оны Qazsport сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.  

Реклама
Реклама