Қош бол Әлиев! Ақтауға "Ақтөбе" аңызы бара жатыр

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 14:01

Ақпарат көздерінің дерегіне сәйкес, Пірәлі Әлиевтің орнын Ерлан Шойтымов басады. 

Offside.kz

Ақтау қаласының "Каспий" футбол клубында кадрлық өзгеріс. Команданың бас бапкері Пірәлі Әлиев қызметінен кететін болды.

Клуб басшылығы Пірәлі Әлиевпен қоштасу туралы шешім қабылдаған. Ал оның орнына Ерлан Шойтымов тағайындалуы ықтимал. Бұл туралы Aladop.kz хабарлады. Аталған маман Қазақстандық жанкүйерлерге бапкер ретінде де, ойыншы ретінде де жақсы таныс.

Бапкерлік мансабы

Ерлан Шойтымов соңғы жылдары "Жетісай" клубында еңбек етті. 

  • 2024 жылы Бірінші лигада 7-орын
  • 2025 жылы 5-орын

Шойтымов тек бапкер емес, тәжірибелі экс-футболшы ретінде де белгілі. 1999 жылы "Қайсар" құрамында Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанды. "Ақтөбе" сапында 82 матч өткізіп, жанкүйерлердің құрметіне бөленді. 

Реклама
Реклама