ӘЧ-2026: Эквадор президенті сенсациялық жеңістен кейін елде ресми демалыс жариялады
Даниэль Нобоа әлем чемпионатында ұлттық құраманың плей-офф кезеңіне шығуына байланысты елде ресми демалыс жариялады.
Құрама топтық кезеңнің соңғы турында Германияны 2:1 есебімен жеңіп, 2006 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Күнтізбеде жаңа мереке
Президент өз мәлімдемесінде футболшылар мен бапкерлік штабты ерекше атап өтіп, бұл жеңіс елге үлкен қуаныш сыйлағанын айтты және 26 маусымды ұлттық мереке деп жариялады.
“Сынға, жағымсыз пікірлерге және қиын сәттерге қарамастан, елге үлкен қуаныш сыйлаған ойыншылар мен бапкерге алғыс айтамын. Ертең мереке!” — деп жазды Нобоа X әлеуметтік желісінде.
E тобындағы соңғы матчта Эквадорға міндетті түрде жеңіс қажет болды. Бұған дейін құрама Кот-д’Ивуардан жеңіліп, Кюрасаомен тең түскен еді.
Кездесу барысына тоқталсақ, Германияға қарсы ойында эквадорлықтар ерте гол жібергенімен, камбэк жасап, толы стадион алдында маңызды жеңіске қол жеткізді. Эквадор бұл нәтижеден кейін топта үшінші орын алып, үздік үшінші орын иеленген командалар арасында плей-оффқа өтті. Ал Германия мен Кот-д’Ивуар топ көшбасшысы ретінде келесі кезеңге жолдама алды.