Германия құрамасында ауыс-түйіс: Нагельсманн кетіп, Клопп келмек

Бас редактор
Бүгін, 07:00

Мұндай шешімге команданың Әлем чемпионатында сәтсіз өнер көрсетуі себеп деп жазады еуропалық БАҚ өкілдері. 

ru.uefa.com

Германия құрамасының бас бапкері Юлиан Нагельсманн жақын уақытта қызметінен кетуі мүмкін. Sky Sport Germany мәліметінше, ұлттық құраманы "Ливерпульдің" бұрынғы бапкері Юрген Клопп басқарады.

Германия құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатындағы сәтсіздігінен кейін бапкерлік штабқа қатысты сын көбейді. Осыған байланысты неміс футбол одағы ұлттық құраманың болашағына шұғыл шараларға кіріскен. 

Дереккөз мәліметінше, егер Неміс футбол одағынан ресми ұсыныс түссе, Клопп оны қабылдауы мүмкін. Бұрын "Ливерпульді" жаттықтырған маман көп жылдан бері Германия құрамасына ықтимал үміткерлердің бірі ретінде аталып келеді.

Нагельсманнға сенім азайған

Қазіргі бас бапкер Юлиан Нагельсманның бас бапкер қызметін жалғастыруы күрт төмендеп кеткені айтылады. Оған басты себеп - Германия құрамасының биылғы мундиальдағы сүреңсіз ойыны себеп. Команда 1/16 финалда Парагвайдан жеңіліп, жарыстан шығып қалды. Дегенмен Неміс футбол одағы әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Реклама
Реклама