Мексика - Эквадор матчы кейінге шегерілді. Себебі белгілі

Бокс шолушысы

Тосын жайтқа байланысты ФИФА мәлімдеме жасады. 

Мексика - Эквадор матчы кейінге шегерілді. Себебі белгілі
sportmail.ru

2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалы аясындағы Мексика - Эквадор матчы кейінге шегерілді. Оған Мехикодағы қолайсыз ауа райы себеп болды. Бұл туралы ФИФА-ның ресми сайтында хабарланды. 

"Матчтың басталуы қолайсыз ауа райына байланысты кейінге қалдырылды. Кездесу қауіпсіз деп танылған кезде басталады", — делінген ФИФА хабарламасында.

Ойын Астана уақытымен 06:00-де басталуы керек болған.

Мексика мен Эквадор өз топтарында қалай өнер көрсетті?

Мексика құрамасы плей-оффқа А тобында бірінші орынмен шықты. Ал Эквадор үшінші орын иеленді. 

Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир 11 маусымда басталып, 19 шілдеде аяқталады.

Қазіргі әлем чемпионы — Аргентина құрамасы. 2022 жылғы Катардағы финалда аргентиналықтар Францияны пенальти сериясында жеңіп, чемпион атанған еді.