Кәрім Меңдіқанов ресми түрде "Барселона" ойыншысы атанды

Бокс шолушысы
16.07.2026, 19:16

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының вингері Кәрім Меңдіқанов каталониялық клубпен келісімшартқа қол қойды.

kazfootball.kz

“Ла Масияда” жаттығады

15 жастағы футболшы бұл жаңалықты өзінің Instagram парақшасында жариялады. Ол келісімге қол қою сәтінен бірнеше фотосурет бөлісіп, кадрларда “Барселона” клубының нышандары аясында көрінді.

“Өмір бойы жанкүйер болған клубыммен келісімшартқа отырғанымды мақтан тұтамын”, – деп жазды қазақстандық жас футболшы.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, Кәрім Меңдіқанов испаниялық клубпен үш жылдық келісімшарт жасасқан. Енді ол әлемге әйгілі “Барселона” академиясы – “Ла Масия” жүйесінде өнер көрсетеді.

Жас ойыншының Испаниядағы футбол жолы 2022 жылы басталған. Сол кезде 11 жастағы Кәрім әкесімен бірге Испанияға қоныс аударып, Каталонияның төменгі дивизионындағы командалардың біріне қосылған.

Кейін “Серданьола” және “Сан-Кугат” секілді жергілікті клубтарда ойнап, жоғары қарқынмен дамыды. Меңдіқановтың ойыны Испания чемпионаты клубтарының скауттарының назарын аударып, нәтижесінде ол “Барселона” академиясына шақырту алды.

Қазақстан U-16 құрамасына шақырылды

Кәрім Меңдіқанов 2026 жылдың 22 сәуірінде алғаш рет Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасына шақырылды.

25-30 сәуір аралығында Шымкентте өткен УЕФА Даму кубогы халықаралық турниріне қатысып, ұлттық құрама сапында өнер көрсетті.

Реклама
Реклама