Аргентинаға қатысты дау ушыға түсті: ФИФА тергеуге кірісті

Спорт шолушысы
Бүгін, 02:18

Әлем чемпионатының жартылай финалында Аргентина мен Англия арасындағы кездесу аяқталғанымен, оның төңірегіндегі дау әлі де жалғасуда. ФИФА аргентиналық футболшылардың саяси баннер көрсетуіне қатысты тергеу бастамақ болса, Англия құрамасының ішінде бас бапкер Томас Тухельдің шешімдеріне наразылық туындағаны белгілі болды.

Themirror.com

ФИФА Аргентинаға қатысты тергеу жүргізеді

Испанияның Cope радиосының мәліметінше, ФИФА Аргентина футболшыларының матчтан кейін саяси мазмұндағы баннер көрсетуіне байланысты тәртіптік іс қозғайды. Алайда ұйымның тәртіптік комитеті бұл мәселеге қатысты шешімді әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін ғана шығарады.

Англияны 2:1 есебімен жеңгеннен кейін аргентиналық футболшы Джовани Ло Чельсо алаңға “Мальвин аралдары - Аргентинаға тиесілі” деген жазуы бар баннермен шыққан. Кейін оған бірнеше командаласы қосылған. Алайда бұл іс-әрекетке байланысты финал алдында ешқандай жаза қолданылмай, футболшылар Испанияға қарсы өтетін шешуші матчта алаңға шыға алады.

Мальвин (Фолкленд) аралдары Ұлыбритания мен Аргентина арасындағы көп жылдан бері жалғасып келе жатқан аумақтық даудың нысаны саналады.

Аргентина ойыншыларының әрекеті сынға ұшырады

Британдық The Telegraph басылымы аталған матчты саралап, Аргентина құрамасының ойыншылары тарапынан 31 даулы және спорттық емес әрекет тіркелгенін хабарлады. Басылымның мәліметінше, олардың қатарында дөрекі ереже бұзушылықтар, қарсыластарға қысым көрсету, төрешімен дауласу сондай-ақ матчтан кейінгі жаппай қақтығыс пен саяси баннер көрсету секілді эпизодтар бар.

Англия құрамасында Тухельдің тактикасына наразылық туды

Игроки сборной Англии выступили против тренера после вылета с ЧМ-2026

Фото: Depositphotos

Матчтан кейін Англия құрамасының ішінде де пікірталас басталды, бірнеше футболшы бас бапкер Томас Тухельдің ойын барысында таңдаған тактикасына көңілі толмаған. Ағылшын ойыншылары 55-минутта есепте алға шыққаннан кейін шабуылды жалғастырудың орнына қорғанысқа басымдық берілуіне таң қалған. Олардың пікірінше, Аргентина қорғанысында бос аймақтар болған және жылдам қарсы шабуылдар арқылы пайдалануға мүмкіндік жеткілікті еді.

Жартылай финалда Англия құрамасы қола жүлде үшін Франциямен кездеседі. Матч 19 шілдеде АҚШ-тың Майами қаласындағы Hard Rock стадионында өтеді.

Реклама
Реклама